"Кім көрінгеннен жаман сөз естігім келмейді". Ринат Зайытов такси жүргізушілері жайлы айтты

23 Қазан 2024, 15:52
1183
Бөлісу:
"Кім көрінгеннен жаман сөз естігім келмейді". Ринат Зайытов такси жүргізушілері жайлы айтты
Фото: Мәжіліс

Мәжілісте такси автопаркіне енгізілетін тағы бір талап мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов такси жүргізушілерінің өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше болуының не қажеті бар екенін сұрады.

Үкіметтің басты мүшелерінің басмашылығымен Мәжіліске келген бірде-бір заңның халыққа пайдасы тиіп, жұмыс істеп жатқанын көрген жоқпын. Бәлкім, көрмей жүрген шығармын. Солай болса, бетіме айтыңыздар. Марат Кәрімжанұлы, бізде кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын бір емес екі палата бар. Жол тасымалдау кіші кәсіпкерлік қой. Неге бұны солар басқара салмайды? Әйтеуір бәріне бір-бір қожайын тауып береміз. Сондықтан сізге қояр бірінші сұрағым, осыншама таксистерді отарлаудың қажетті қанша? Екінші сұрағым, бұлар өзі шулы қауым. Ертең дүрлігетін болса, өзім таксимен жиі жүретін адам болған соң, кім көрінгеннен жаман сөз естігім келмейді. Олар дүргілетін болатын болса, жауапкершілікті өз мойыңызға аласыз ба? – деп сұрады депутат

Көлік министрі Марат Қарабаев мемлекеттік органның бірінші басшысы ретінде жауапкершілікті өз мойныма алатынын айтты.

Бірінші сұрағыңыз бойынша, біз министрлікке такси жүргізушілерін бірнеше рет жинадық. Шыны керек, алпауыт интернет агрегаттардың қасында бұлардың құқығын қорғайтын ешкім қалмады. Сондықтан екеуі өзін өзі реттейтін бір ұйымға мүше болған соң олардың қабылдаған қағидасында ең алдымен біздің қарапайым жүргізушілер өздерінің құқықтарын қорғайтын талаптарды қоя алады және соны талап ете алады. Бүгінде 10 мың адам ресми такси қызметін атқарып жүр. Сондықтан өзін-өзі басқару, реттеу ұйымы түбінде Қазақстандағы жүргізушілердің мүддесін қорғауға бағытталған, - деп түсіндірді ведомство басшысы Мәжілісте.

Өзгелердің жаңалығы