Әкім елордаға 1 млн маска әкелінетінін айтты

17 Наурыз 2020, 19:06
2022
Бөлісу:
Әкім елордаға 1 млн маска әкелінетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше елордаға 400 мыңға жуық маска әкелінген.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ онлайн-брифингінде айтты.

Медициналық маскаларды СК "Фармациямен" жұмыс істеп, күні кеше 400 мыңға жуық маска Нұр-Сұлтан қаласына алып келдік. Алдағы уақытта 1 млн-нан астам маскаға тапсырыс бердік. Қосымша біз барлық талаптарды қамтамасыз етеміз. Және антисептик бойынша тапсырыс бердік. Олар осы аптада қажетті жағдайда жеткізілетін болады, - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан әкімі 19 наурыздан бастап қала карантинге жабылатынын ескертті.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантин енгізуді ұсындық. 2020 жылдың 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап елорда аумағында карантин енгізу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, әкім 28 қаңтар мен 16 наурыз аралығында стационарда 752 адам жатты. Қазір ол жерлерде 318 пациент карантинде жатқанын да айтып өтті. Тағы бір айта кететін жайт, елордадағы мейрамхана тағы басқа күнделікті қажет емес мекемелер уақытша жұмысын тоқтатады. ХҚКО жұмысы уақытша шектеледі.  

Сонымен қатар, қала басшының айтуынша, сауда-ойын сауық орталықтарында, базарлар және коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану жерлерінде, ХҚКО-да, вокзал, әуежай, қонақүй және тағы басқа санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілген.

Қазіргі уақытта қаладағы сауда желілерінің қоймаларында 47 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бар.


Өзгелердің жаңалығы