"Жоғалып кеткен" Ким Чен Ын ядролық қару туралы жаңа саясатын жариялады

25 Мамыр 2020, 12:10
1627
Бөлісу:
"Жоғалып кеткен" Ким Чен Ын ядролық қару туралы жаңа саясатын жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ким Чен Ынның төрағалығымен өткен әскери кездесу барысында ядролық қару туралы жаңа саясат талқыланды. Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат құралдары кеше осылай деп хабарлады. 

Белгілі болғандай, Ким Чен Ын үш аптадан астам уақыт ішінде бірінші рет көпшілік алдында сөйлеген. KCNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Солтүстік Корея орталық әскери комиссияның отырысында "бұл – елдің ядролық соғысқа төтеп беруін одан әрі арттыруға арналған жаңа саясат" деп мәлімдеген. Әскери кездесуде Корей Халық Армиясының артиллериялық бөлімдерінің оқ ату қабілетін едәуір арттыру үшін маңызды шаралар қабылданғаны жарияланған. 

Сондай-ақ "елдің қарулы күштерін құру және дамыту" бағытына сәйкес "стратегиялық қарулы күштерді жоғары дайындық деңгейіне қою" мәселесі талқыланғанын жазды AFP.  

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Трамп әкімшілігі де ондаған жылдан бергі алғашқы ядролық сынақты өткізу мәселесін талқылаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы