Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 сәуірде РФ президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Владивостокта келіссөз жүргізді.
КХДР мен Ресей саммитін ұйымдастырушылар солтүстіккореялық басшы Владивостоктан жұма – 26 сәуір кетеді деп мәлімдеді.
Бүгін вокзалда қоштасуға арналған ресми шара өтеді.
Бұған дейін Ким Чен Ын Владивостоктан сенбі – 27 сәуірде кетеді деп хабарланған. Ол теңіз маңындағы қалада бірнеше нысанды аралайды деп жоспарланған болатын.
КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын сәрсенбі – 24 сәуір күні таңертең өзінің бронопойызымен Ресейге аттанған болатын.