Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Балалардың терезеден құлау деректері» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басқарма басшысы Еркін Отарғалымұлы айтып берді.
Өкінішке қарай, құрылыс нысандарында биіктен құлау фактілерінің жиілеу үрдісі байқалады. Жыл басынан ведомстволық есепке сәйкес, құрылыс нысандарында 14 факті тіркелген. Мысалы, күні кеше ғана кілтін үйде қалдырып, үйіне кіре алмаған ер адам балкон арқылы пәтерге кірмекші болып, 6 қабаттан құлаған. Алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды, - деді ТЖД басқарма басшысы.
Адамдардың өмірі мен денсаулығына араша түсу үшін қиын жағдайға түскенде көмекке келу үшін Төтенше жағдай қызметі өз жұмысын жүргізуде.
Біздің жасақтар, бөлімшелер апта бойы, тәулік бойы көмекке келуге дайын. Егер қиын жағдайға тап болсаңыздар, 112 немесе 101 нөмірлеріне хабарласып, тиесілі көмекті ала аласыздар, - деді ол.
Коронавирус індетінің таралуына байланысты енгізілген бірқатар шектеуге байланысты жағдайлар да бар.
Балабақшалар мен мектептердің жұмысына енгізілген шектеулерді ескере келе, балалардың қараусыз қалу мәселелері, - деді Еркін Отарғалымұлы.
Осы ретте ата-аналардан балаларды үйде жалғыз қалдырмауды сұрады.
Балалармен міндетті түрде түсіндіру жұмысын жүргізу қажет. Оларға сіріңкемен ойнауға болмайтыны жайында, химиялық заттарды пайдалануға болмайтынын айту қажет. Сондай-ақ осы заттарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойған дұрыс, - деп ата-аналардан қырағы болуды сұрады департамент басшысы.