"Киімін көрсем, қатты қызығатынмын". Ақын Сара нені армандағанын айтты

24 Қаңтар 2024, 18:22
956
Бөлісу:
"Киімін көрсем, қатты қызығатынмын". Ақын Сара нені армандағанын айтты
VIDEO
Фото: instagram.com/sarkanai

Белгілі айтыскер ақын Сара Тоқтамысова жақында тұсауы кесілген жалғыз қызына қатысты видео жариялап, әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Дарын" Жастар сыйлығының лауреаты, айтыскер ақын Сара Тоқтамысованың қызы жақында бір жасқа толған еді. Ақын Сара Сүйкімді деп атаған қызына әлеуметтік желісінде әдемі видео арнап, осы күнге жетуді көп армандағанын айтты.

Армандаудан шаршамаңыздар. Арманды сатып алмаймыз ғой. Бір нәрсені армандағанда, ниет пен пейіл таза болса болды. Ал пейіліңіз тарылып, ниетіңіз қарайды ма, онда арманға жетудің жолдары күрделене береді екен. Осы видеоны салуға қолым қазір тиді. Шүкір. АЛЛА ҰЛЫҚ. Қызымды өзіммен бірдей киіндіріп алып, видео түсірсем ғой деп армандайтынмын. Қыздың киімін көрсем, қатты қызығатынмын. Қызыма ән арнасам, оны өзім орындасам деп қиялдайтынмын. Мына видео арманымның бір шеті. Сіздерге жұғысты болсын, - деді ақын.

Өзгелердің жаңалығы