Киімге кезекке тұрған шымкенттіктер бір-бірін таптап кете жаздады

<p>Шымкентте киім дүкеніне кезекке тұрушылар бір-бірін таптап кете жаздады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz <a href="https://web.telegram.org/k/#@POLICE_of_KZ">Telegram арнасына</a> сілтеме жасап.</p>

 6 Қараша 2022 2022, 16:05
6 Қараша 2022 2022, 16:05
1916

Шымкентте киім дүкеніне кезекке тұрушылар бір-бірін таптап кете жаздады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

5 қарашада Тәуке хан бойында орналасқан сауда үйлерінің бірінде дүкен иесі спорттық киімдерді арзан бағамен сату акциясын ұйымдастырды. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар көп жиналды. 

Дүкен ашылған кезде адамдар бірін-бірі итеріп, қыса бастады. Оқиға орнына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін учаскелік пункттің учаскелік инспекторлары келді. Зардап шеккендер жоқ. 

Еңбекші АПБ полицейлері дүкен иесі, жергілікті тұрғынды анықтады. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 488-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Наверх