Киікті атудан бас тартқан жоқпыз – министр

15 Сәуір 2025, 12:00
1329
Бөлісу:
Киікті атудан бас тартқан жоқпыз – министр
Фото: primeminister.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктердің саны қалай реттелетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бізде мұндай (еск - атпау жөнінде) позиция жоқ. Біз ғалымдарды жинап, осы мәселені көтердік. Қазіргі таңда киікпен айналысатын институт ғалымдары мен шетелдік әріптестерімізбен бірге зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мен білетін ақпарат бойынша келесі аптада нақты жауап беруге тиіс, - дейді Экология министрі.

Министрдің дерегінше, Қазақстанда 4 миллонға жуық киік бар.

Атудан бас тарқанымыз жоқ. Әзірше Президентіміздің Қостанайда берген тапсырмасымен тұрмыз... Бізге ғылыми негіздеме керек. Онсыз ешқандай іс-қимыл жасай алмаймыз. Бәрі келесі апта белгілі болады, - деді Нысанбаев үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Еске сала кетейік, осыған дейін Экология министрі биыл жаздың қандай болатынын айтқан еді. Сондай ақ Премьер-министр Олжас Бектенов Экология министрінен көрші елдермен орман өртіне қарсы бірлескен шаралар туралы сұрады.

Өзгелердің жаңалығы