Киік мүйіздерін атып, кәсіп қылған ақтөбеліктер ұсталды

12 Тамыз 2020, 11:14
2806
Бөлісу:
Киік мүйіздерін атып, кәсіп қылған ақтөбеліктер ұсталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбелік полицейлер киіктерді атып, олардың мүйіздерін сатумен айналысқан бір топ адамды ұстады. 

Күдіктілер жойылып бара жатқан жануарлардың бір түрінің 70 басын атып, мемлекетке және қоршаған ортаға үлкен зиян келтірді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер Ақтөбе мен Әйтеке би ауданы тұрғындарының киік дериваттарын заңсыз ату мен сату айналымына қатыстылығы туралы жедел ақпарат алды. 10 тамызда Қарабұтақ кентінде күдіктілермен кездесу ұйымдастырылды. Полицейлер сатып алушылар ретінде кездескен, - дейді ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.
WhatsApp Image 2020-08-11 at 17.58.01.jpeg

Оның айтуынша, арнайы қабылданған шаралар нәтижесінде облыстық ПД қызметкерлері бұрын сотталған 4 адамды ұстады. Олардың екеуі Әйтеке би ауданының шаруа қожалықтарының басшылары болып шықты.

Күдіктілерден жалпы салмағы 50 кг 135 дана дериват (мүйіз), 11 дана қол таразы тәркіленді. Сонымен қатар, күдіктілердің бірінің үйінен тінту барысында тіркелмеген мылтық тәркіленіп, қорадан екі киік пен жабайы қабан табылды.

Осылайша, күдіктілер мемлекетке және жойылып бара жатқан жануарлар түрлеріне үлкен залал келтіріп, жалпы алғанда 70 бас киікті атқан.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігі (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз іс жүргізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында киіктерді заңсыз атудың 2 фактісі және дериваттарды заңсыз қолданудың 8 фактісі тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы