Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Киев әуежайында қызды құтқарған шымкенттіктің кім екені анықталды

30 Наурыз 2019, 12:25
2942
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Киев әуежайында кішкентай қызды құтқарып қалған ер адамның жеке тұлғасы анықталды.

«Сержант Алексей Кудиенко 6506 әскери бөлімнің әскери қызметкері. Ол 1984 жылы 2 наурызда өмірге келген. 2014 жылы Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін заң мамандығы бойынша тамамдаған. 2006 жылдан бері Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясында техник маманы болып қызмет етеді», - деп жазды Facebook қолданушысы Олжас Тенгри.

Бұған дейін Алексейдің Киев әуежайында тұмшығып қалған кішкентай қызды құтқарғаны жайында хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы