Киев келісті: Украина Вашингтонмен сирек металдар бойынша келісімге қол қояды

Бүгiн, 08:56
594
Бөлісу:
Киев келісті: Украина Вашингтонмен сирек металдар бойынша келісімге қол қояды
Фото: pixabay.com

Украина табиғи ресурстарды, соның ішінде мұнай мен газды бірлесіп өңдеу бойынша АҚШ-пен келісімге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы британдық Financial Times газеті жазды.

Жарияланған деректерге сәйкес, Киев мұндай келісімге Вашингтон ең қатал талаптардан бас тартқан соң барды делінген. Оның ішінде Украинаның 500 млрд доллар көлемінде салымы бар. Ақ үй Киевке көрсетілген әскери және қаржылай көмектің қайтарымы ретінде мұндай келісім жасасуға көндіріп отыр.

Келісімді украиналық әділет, экономика және сыртқы істер министрлігі мақұлдады деген ақпарат тарауда. Құжатқа қатысты соңғы шешім 28 ақпанда Владимир Зеленскийдің Вашингтонға сапары барысында қабылданып, қол қойылуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін түркиялық БАҚ Украина президенті Владимир Зеленский жақын арада Түркиядан бассауға сұрауы мүмкін деп болжаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы