Kids go free: Балалардың ұшу билеттері субсидияланады

14 Маусым 2021, 18:49
2877
Бөлісу:
Kids go free: Балалардың ұшу билеттері субсидияланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да «Туристік қызметтік заңнамада қабылданған өзгерістер туралы» тақырыбында өткен брифингте «Kazakh Tourism» АҚ басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев айтты.

Ол атап өткендей, «Kazakh Tourism» Kids go free бағдарламасының операторы болады. Бұл жоба арқылы балалардың ұшу билеті субсидияланады.

Бұл жоба ТОП-10 дестинацияда ұйымдастырылған отбасылық демалысты ұлғайтуға бағытталған және туроператорлар арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстанда отбасылық демалысты ынталандыру мақсатындағы шаралардың бірі – ішкі авиамаршруттар бойынша балалар үшін тасымалдау ақысын өтеу. Яғни, 2 жастан 14 жасқа дейінгі балалары бар отбасы балалар билеттерінің құнын шегере отырып, жолдамаларды сататын туроператорлар арқылы қазақстандық курорттарға жолдама сатып алады. Сонымен қатар негізгі қойылатын талаптардың бірі - 4 түн мен 5 күнге қатысты талап, - деп түсіндірді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

«Kazakh Tourism» өкілінің айтуынша, олар, осылайша, Қазақстанда отбасылық демалысты ынталандырады және есеп бойынша ел ішіндегі демалысты 20-30%-ға арзандатуға мүмкіндік болады.


Өзгелердің жаңалығы