Киберқауіпсіздік: Министрлік интернеттегі сақтық шараларын еске салды

22 Қазан 2024, 19:49
341
Бөлісу:
Киберқауіпсіздік: Министрлік интернеттегі сақтық шараларын еске салды
Фото: Polisia.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі желідегі киберқауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төменде көрсетілген нұсқауларды орындау деректерді қорғауға және қаржылық тәуекелдерді болдырмауға көмектеседі.

1. Әртүрлі аккаунттар үшін күрделі және бірегей парольдерді пайдалану.

2. Құрылғылардағы бағдарламалық қамтамасыз етуді үнемі жаңартып отыру.

3. Күмәнді сілтемелер мен хабарламаларды ашпау.

4. Антивирус бағдарламаларын пайдалану.

5. Жеке ақпаратты бөгде сайттарға және қосымшаларға сенбеу.

6. Аккаунттар үшін екі факторлы аутентификацияны пайдалану.

7. Әлеуметтік желілердегі құпиялылық параметрлерін тексеру.

8. 1414-тен келген кодтарды үшінші тұлғаларға бермеу.

9. Банктік реквизиттерді үшінші тұлғаларға хабарламау.

Өзгелердің жаңалығы