ҚХП елордада жастарға арналған тұрғын үй мәселесін талқылады

18 Желтоқсан 2020, 14:25
1959
Бөлісу:
ҚХП елордада жастарға арналған тұрғын үй мәселесін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Халық партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалында «Жастарға арналған қолжетімді баспана» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. 

ҚХП елордада жастарға арналған тұрғын үй мәселесін талқылады

ҚХП өкілі Олжас Сыздықовтың айтуынша, қазіргі кезде қазақстандық мегаполистерде жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өзекті.

Сондай-ақ, партия өкілдері 18 желтоқсанда Семейдің «Қызыл Кардон» шаңғы базасында «ҚХП салауатты өмір салты үшін!» деген ұранмен шаңғы тебу шарасын өткізді.

ҚХП Семей қалалық филиалының бірінші хатшысы Оксана Шишкинаның айтуынша, ұлттың денсаулығы – маңызды фактор. Әрбір қазақстандықтың денсаулығы жақсы болуы керек.  

Шаңғы тебу – қысқы спорттың бір түрі. Оған қатысуға ниет білдірген адамдардың бәрі қатысты. Таза ауа, тұмса табиғат, спорттық құмарлық жиналғандарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Денсаулық үшін күресте жеңіліс деген болмайды. Қатысушының бәрі – жеңімпаз деп отыр. Олар өздерінің бұқаралық спортты қолдайтындарын, спорттық үйірмелердің баршаға қолжетімді болғанын қалайтынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы