Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2018 жылдың қазанында Стамбулда Сауд Арабиясының консулдығында журналисті өлтіріп кетті. Сот бес адамға өлім жазасын кесті және үш адамды темір торға қамады. Бұл туралы korrespondent.net сайты жазады.
Сауд Арабиясында журналист Джамал Хашоггидің өліміне қатысты айып тағылған бес адамға өлім жазасы кесілді. Бұл туралы 23 желтоқсанда ВВС хабарлады.
Тағы үш адам жазасын темір тордың ар жағында өтейді. Үшеуінің жылын қосқанда 24 жыл болады.
Хашогги 2 қазанда Сауд Арабиясының Стамбулдағы бас консулдығына барған кезде жоғалып кетті. Корольдік өкілдері оның консулдықтан шығып кеткенін айтты. Алайда 19 қазанда Эр-Риядта журналист ғимарат ішінде өлтірілді дегенді мойындады.