Қазақстанда алғаш рет өңірлер бойынша ауқымды халықаралық блог-тур өтеді

15 Тамыз 2019, 12:48
2334
Бөлісу:
Қазақстанда алғаш рет өңірлер бойынша ауқымды халықаралық блог-тур өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16-21 тамыз аралығында "Қазақстанды таны" жобасы аясында тревел-блогерлер ретінде кеңінен танымал және мыңдаған жазылушылар аудиториялары бар 35 шетелдік блогерлер үшін Қазақстан бойынша халықаралық блог-тур өтеді.

Жобаға қатысу үшін Қазақстанға Ұлыбритания, Австралия, АҚШ, Италия, Ресей, Таиланд, Үндістан, Греция, Канада, Оңтүстік Корея, Түркия, Филиппин және Канададан видеоблогерлер келеді. Олар Қазақстанның блогерлерімен бірге тарихи көрікті жерлермен және табиғи сұлулықтармен танысу үшін еліміздің өңірлері бойынша 5 күндік турнэге аттанады.

Блог-тур Қазақстан өңірлерінде 5 бағыт бойынша ұйымдастырылады.

1-бағыт ұзындығы 440 км Шығыс Қазақстан облысы бойынша өтеді. Блогерлер: Рахман қайнарлары, Радостный асуы, Брел қорғандары, Катон-Қарағай ауданы, «Косы Вероники» сарқырамасы, Зырян және Осиновка асуы;

2- бағыт Оңтүстік Қазақстан облысында сәулет ескерткіштері бойынша өтеді: Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Арыстан баб кесенесі, Отырар мен Сауран ежелгі қалашығы, сондай-ақ Ақсу Жабағылы қорығы;

3- бағыт Орталық Қазақстан бойынша: "Бурабай" ұлттық табиғи паркі, "Ботай-Бурабай" ашық аспан астындағы мұражайы, "АЛЖИР" мұражайы, Нұр-сұлтан қаласына саяхат жасайды;

4- бағыт Батыс Қазақстан облысы бойынша. Маршрут аясында Ақтау, Бозжыра шатқалдары мен алқабы, Кендірлі, Тоқмақ мысы, Қарақие және Түйеске барады;

5- бағыт Алматы және Алматы облысы бойынша. Блогерлер: Алматы, БАО, Шарын шатқалы, Қайыңды көлі, Тамғалы Тас және Алтын Емелге барады.

Блог-турдың қорытындысы бойынша блогерлер Қазақстан бойынша саяхат туралы бейне шолу жасап, YouTube-тағы өз арналарына орналастырады.

Тур аяқталғаннан кейін блогерлер 24-25 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін "Қазақстанды таны" атты халықаралық блогерлер форумына қатысады. Форум барысында қатысушылар үшін супер-ақпараттық және пайдалы мастер-кластар ұйымдастырылады, онда олар блогингті дамытуға арналған барлық фишкалар туралы біледі. Олар: "Тревел блогинг", "YouTube-блогер профилін дамыту /ЛОМ", "Бизнес-блогинг", "Instagram-блогер профилін дамыту/ЛОМ", "Qazaq Instagram" және басқалар. Сонымен қатар, жаттықтырушылар Instagram және Youtube блогерлердің профильдерін қалай дамыту және сапалы мультимедиялық контент құру туралы білімдерімен бөліседі.

Іс-шараны ұйымдастырушылар "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "A kind heart" ҚБ.

Жобаның стратегиялық серіктестері еліміздегі ең ірі интернет БАҚ – "Internet Portal NUR" ЖШС, Қазақстандағы Youtube-тің ресми серіктесі – "Power Media" ЖШС және туризм саласындағы Қазақстанның бренд-менеджері болып табылатын "Kazakh Tourizm" ұлттық компаниясы.

Жоба Қазақстандағы жастар жылы аясында жүзеге асырылуда және дарынды жастарға көмектесу, елдегі туризм мен бейнеблоггингті дамытуға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы