Халықаралық бақылаушы: Бәрі талапқа сай, дұрыс өтіп жатыр

9 Маусым 2019, 11:07
2230
Бөлісу:
Халықаралық бақылаушы: Бәрі талапқа сай, дұрыс өтіп жатыр
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы атынан келген халықаралық бақылаушы Игорь Филькевич сайлау барысы туралы пікір білдірді.

"Бұл - бүгін мен келіп отырған үшінші сайлау учаскесі. Бәрі талапқа сай, дұрыс өтіп жатыр. Әр учаскедегі белсенділік әртүрлі, осы уақытқа дейін учаскеге тіркелгендердің шамамен 20% дауыс берді", - дейді ол.

Халықаралық бақылаушы кешке дейін халықтың қанша бөлігі дауыс беруі мүмкін екенін айтты.

"Халықаралық практикаға сүйеніп айтар болсам, түскі уақытта тағы 20%, кешке дейін тағы 20% халық дауыс беріп, қорытынды бойынша жалпы халықтың 60% дауыс береді деп ойлаймын. Жалпы, Қазақстанда бұған дейін өткен сайлауларда да бақылаушы болғанмын. Ол кезде халық сайлауға белсендірек қатысқан еді", - дейді Игорь Александрович.

Бұған дейін №111 сайлау учаскесінде 4661 сайлаушы тіркелгенін жазған болатынбыз.

"Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Сағат 12:00-ге дейін учаскеге келе алмайтындардың туыстары келіп, өтініш жазуға құқылы. 12:00-ден кейін комиссия мүшелері мен бірнеше бақылаушы келе алмаған адамдардың үйлеріне барады. Мұның бәрі заң аясында жүзеге асады",- дейді №111 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Дариға Дәуренбекова. 
 

Өзгелердің жаңалығы