Қарағанды, BAQ.KZ. Қарағанды облысы прокуратурасының қызметкерлері Полиция департаментімен бірлесе отырып, Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің көмегімен, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Чабанов Константинді Қазақстанға экстрадициялады. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
"Қазақстандық К.Чабанов Қарағанды қаласының аумағында 21 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Қылмыс жасағаннан кейін Чабанов қылмыстық қудалау органдарына ұстатпай кетуіне байланысты халықаралық іздеу жарияланған болатын" - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ұсталған Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды, одан Қарағанды қаласына жеткізелетін болады.