Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың неге жиі шағымданатынын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде өткен кеңесте айтты.
Оқи отырыңыз:
Адамдар бұрынғыша жоғары оқу орны, колледж, тіпті, мектептердегі сыбайлас жемқорлықты айтып, шағымданады. Жемқорлық азаматтарымыздың бойына сіңіп, тіпті, қоғамның қалыпты құбылысына айналып кетуі мүмкін. Басты мәселе – осы. Ал кәсіпкерлер жер комитеті, өртке қарсы қызмет, салық және кеден органдарын жемқорлық жайлаған деп есептейді, - деді Президент.
Мемлекет басшысы жол сапасына байланысты жұртшылықтың алаңдаушылығы жоғары екенін айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясы су шаруашылығы саласында айтарлықтай түйткілдер бар екенін хабарлады. Осы мәселелер бойынша қоғамдық бақылау тетігі жұмыс жасауға тиіс. Бұл шараға үкіметтік емес ұйымдарды тартқан дұрыс. Оларды нормативтік-құқықтық актілерді сараптау ісіне қатыстыру керек, - деді Тоқаев.