Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Халықаралық түрме реформасының" (PRI) басшысы Флориан Ирмингер Қазақстанға келген сапарында қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне барды.
Нұр-Сұлтан қаласындағы тергеу изоляторын аралаған халықаралық деңгейдегі қонақ жазаларды орындау саласындағы оң өзгерістерді байқағанын айтты. Әсіресе, Флориан Ирмингер аталған ҚАЖ мекемесінің аумағындағы фронт-кеңсенің жұмысын ерекше атап өтті.
Қылмыстық сот төрелігін реформалау бағытындағы жұмыстардың ерекше ықыласпен іске асырылып жатқандығы байқалады және қызметкелердің де жұмыстары өз нәтижелерін көрсетуде. Біз Орталық Азиядағы, оның ішінде Қазақстанмен және осындағы билік өкілдерімен орнатылған өзара серіктестікті мақтан тұтамыз. PRI ұйымы болашақта жоспарланған бірлескен іс-шараларды іске асыруда аянып қалмайды, - деді дейді Флориан Ирмингер.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың мамыр айында Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен "Халықаралық түрме реформасының" (PRI) Орталық Азиядағы өкілдігі Ынтымақтастық және өзара түсіністік меморандумына қол қойған болатын.
Меморандум бірлескен бағдарламалаларды іске асыру және қылмыстық-атқару жүйесі қызметін жетілдіру мәселелеріндегі күш-жігерді үйлестіруді, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтейтін адамдардың ұстау жағдайы және жұмыспен қамту саласында халықаралық-құқықтық нормаларды енгізу, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің әлеуетін арттыру және жазаларды орындау аясындағы басқа да өзекті мәселелерді қарастыруды көздейді.