Халықаралық Армия ойындары әскери дипломатияның жаңа форматы – қорғаныс министрі

7 Тамыз 2019, 12:29
2366
Бөлісу:
Халықаралық Армия ойындары әскери дипломатияның жаңа форматы – қорғаныс министрі
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Армия ойындарының ашылу кезінде айтты.

Нұрлан Ермекбаев жиын барысында Армия ойындары Ресей Қарулы күштерінің бастамасымен биыл бесінші рет өткізіліп отырғанын айтты.

«Осы аралықта бұл ойынның масштабы кеңейіп, маңызды байқауға айнала білді. Биыл бұл ойынға 39 ел қатысып жатыр, оның үстіне сайыстар 10 елдің территориясында өтуде. Ал ойын бағдарламалары 14-тен 32-ге дейін артты. Алдағы уақытта бұл ойындар жаңа сайыс деңгейіне көтеріледі деп сенемін. Біз әскери салада ынтымақтастық пен түрлі елдердің жауынгерлері арасында бауырластық қарым-қатынас орнатуда өз үлесімізді қосып жатқанымызды мәртебе тұтамыз», - деді ол.

WhatsApp Image 2019-08-07 at 12.51.37.jpeg

Сөз арасында ол ата-бабамыз мықты соғыс тәсілдерін білгенін және оның барлығы әскери жаттығулар кезінде дами түсетінін жеткізді.

WhatsApp Image 2019-08-07 at 12.30.25.jpeg

«Ұлы даланы мекен еткен көшпенділердің көптеген ұлттық ойындары жауынгерлікке баулиды. Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты өзінің мақаласында еліміздің әскери салада жасаған үлкен революциясына жан-жақты тоқталып өткен», - деді министр.

WhatsApp Image 2019-08-07 at 12.50.34 (1).jpeg

Халықаралық ойындардың үш байқауы біздің елдің территориясында өтіп жатыр. Бұл осымен төртінші рет елімізде өткізіліп отыр.

Сондай-ақ, ойындардың өту барысын Катар, Моңғолия, Үндістан мен Пәкістан елдерінің бақылаушылары қадағалап отыр.

WhatsApp Image 2019-08-07 at 12.50.34.jpeg

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Отар 40-әскери базасында ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен Халықаралық Армия-2019 ойындары өтіп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы