Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халыққа қызмет көрсету орталығына egov.kz сайты мен телеграм арқылы алдын ала тіркелуге болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» облыстағы филиалында айтылды, деп хабарлады altaynews.kz.
Еgov.kz сайты арқылы кезекке тұрғыңыз келсе, әуелі «азаматтар» батырмасын таңдайсыз. Содан кейін «онлайн брондау» бөлімшесіне өтіп, ЖСН нөміріңізді тіркейсіз. Одан әрі өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдайсыз.
EgovKzBot, яғни телеграм арқылы да дәл солай, «ХКО-ға кезекке тұру» бөлімшесіне өтіп, уақытын таңдайсыз.
Екі жағдайда да онлайн тіркеуден өткен соң, байланыс нөміріңізге кезекке тұрғаныңыз жайында хабарлама келеді.