Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Apple операциялық жүйесінің бета-нұсқасы iPhone X смартфондарында және одан ерте шыққан модельдерде осал болып шықты.
Хакерлер ОЖ бета-нұсқасы шыққаннан кейін бір аптаға жетер-жетпес уақыт ішінде iPhone-ды бұзу арқылы iOS 14 қорғанысын жарамсыз етті. Бұл туралы iPhoneHacks хабарлады.
Мамандар жаңа операциялық жүйесі бар құрылғыны бұзуға құрылғының жадымен байланысты checkm8 осалдығы мүмкіндік бергенін атап өтті.
Джейлбрейкті iPhone X және IOS 14 бета нұсқасы бойынша ерте шыққан құрылғыларда орнату жүзеге асырылды. Жаңа смартфондарда iOS 14-ті бұзу үшін хакерлер жаңа жолдарды іздеулері керек.
IOS 14 соңғы нұсқасы ағымдағы жылдың күзінде шығуы керек, содан кейін хакерлер ОЖ бұзу үшін толық тетіктерді ұсынуға уәде береді.