Жапонияда "Хагибис" тайфунынан 10 адам қаза тапты

13 Қазан 2019, 11:48
2034
Бөлісу:
Жапонияда "Хагибис" тайфунынан 10 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда "Хагибис" тайфунынан зардап шеккендер саны артып келеді. Табиғи апаттан 10 адам көз жұмып, 25 адам зардап шеккен. Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады.

Із-түзсіз жоғалғандар саны - 15 адам.

"Хагибис" тайфунының кесірінен Токий шығанағында Панамдық кеме суға батып кетті. 4 экипаж мүшесі құтқарылды, қалған 9 адам іздестірілуде. 

Қазір елдің 10 префектурасында қауіптің жоғары деңгейі сақталуда. Билік құтқару-қалпына келтіру жұмыстарын күшейте түсті. 

"Хагибис" тайфуны Жапонияға 12 қазан күні келген еді. Негізгі күш Хонсю аралына түсті. Тайфунның кесірінен теміржол, әуежолы хабарламалары тоқтатылып, жарық сөніп қалған. Орталықтарда сел жүріп жатыр. 

Метеорологтар "Хагибис" тайфунын 1958 жылы болған өте күшті "Ида" тайфунымен теңестіріп отыр. Онда 1200 адам қаза тапқан еді.

Өзгелердің жаңалығы