Хабиб UFC-дің ең мықты файтерлерінің тізіміне енбеді

13 Мамыр 2020, 00:28
1543
Бөлісу:
Хабиб UFC-дің ең мықты файтерлерінің тізіміне енбеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі салмақ дәрежесінде UFC-дің бұрынғы чемпионы, канадалық Жорж Сен-Пьер аралас жекпе-жек тарихындағы ең мықты файтерлерді атады, деп жазады Prosports.kz.

Ол жеңіл салмақтың чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовті үздіктер тізіміне қосқан жоқ. Хабиб қазіргі таңда UFC тізімінде Джон Джонстан кейін екінші орында тұр.

Андерсон Силва, Би Джей Пенн, Джон Джонс, Генри Сехудо. Бұлардың әрқайсысы мықты. Сондай-ақ, Ройс Грейсиді де бұл тізімге қосуға болады, - деді Жорж Сен-Пьер.
Өзгелердің жаңалығы