Хабиб Нурмагомедов спорттағы мансабын қашан аяқтайтынын айтты

25 Желтоқсан 2019, 10:19
2588
Бөлісу:
Хабиб Нурмагомедов спорттағы мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда өткен баспасөз мәслихатында UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов спорттағы мансабын қашан аяқтайтыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Менің спорттағы мансабым әрине бастапқы кезеңде емес екені анық. Ол аяқталуға жақындап қалды. Бірақ нақты қашан екенін әзірге білмеймін. Келесі жекпе-жектен кейін аяқтаймын деп айта алмаймын. Алдағы төрт айда тек қана оқу жаттығу жиындарын өткізіп, жекпе-жекке дайындалатын боламын. Қазіргі кездегі бар ойым тек келесі жекпе-жекте, - деді Хабиб Нурмагомедов. 

Естеріңізге сала кетейік, жеңіліс дәмін көрмеген UFC чемпионы Хабиб келесі жекпе-жегін 19 сәуір күні Тони Фергюсонға қарсы өткізеді. 

Өзгелердің жаңалығы