Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов келесі жекпе-жегін 2020 жылы сәуірде Нью-Йоркте өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Eurosport.ru мәліметінше, Хабиб бұл туралы Ташкентте студенттермен кездесу барысында айтты. Нурмагомедов Лас-Вегаста төбелеспейтінін мәлімдеді, жекпе-жек Бруклинде өтуі мүмкін. Естеріңізге салсақ, Хабиб Нурмагомедов соңғы жекпе-жегінде америкалық Дастин Порьені жеңіп, белбеуін қорғап қалған болатын.
Айта кетсек, бұған дейін Хабибтің әкесі ұлының октагонға Ресей туын неге алып шықпайтынын айтқан еді.