ҚХА. Пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерінің саны – 157

11 Қаңтар 2021, 11:56
1707
Бөлісу:
ҚХА. Пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерінің саны – 157
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚХА атынан Мәжіліске сайланатын кандидаттарға дауыс беру аяқталды.

ҚХА мүшелері 351 бюллетеньді пайдаланды. Пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерінің саны – 157. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова айтты.

ҚХА. Пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерінің саны – 157

Пайданылмаған бюллетеньдер конвертке салынып, мөр қойылды. Оны комиссия төрағасы мен хатшысы растады.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын 9 үміткер бар.

ҚХА. Пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерінің саны – 157

Атап өтсек, Сауытбек Абдрахманов, Аветик Амирханян, Ильяс Буларов,Наталья Дементьева, Юрий Ли, Вакиль Набиев, Шамиль Осин, Владимир Тохтасунов, Абилфас Хамедов.



Өзгелердің жаңалығы