Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтіп жатыр. Сессия барысында ҚХА мүшелері дауыс беріп жатыр.
Бүгін дауыс бергендер арасында Премьер-министр Асқар Мамин бар.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов та дауыс берді.
Сондай-ақ, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев та келді.
ҰКҚ төрағасы Кәрім Мәсімов те таңдау жасады.
Министрлер де таңдау жасады. Атап айтсақ, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да бар.
Сондай-ақ, Мәжілістің әрекеттегі депутаттары да бар.
Сондай-ақ, қала әкімі Алтай Көлгінов, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те бар.
Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев та дауыс берді.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын 9 үміткер бар.
ҚХА құрамында 504 мүше бар.
Атап өтсек, Сауытбек Әбдірахманов, Аветик Амирханян, Ильяс Буларов,Наталья Дементьева, Юрий Ли, Вакиль Набиев, Шамиль Осин, Владимир Тохтасунов, Абилфас Хамедов.