Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстікафрикалық студент КFC ресторандарында жыл бойы тегін тамақтанудың жолын ойлап тапқан. Бұл туралы India Today басылымы жазады.
Жігіт күнде мейрамханаға барып, өзін КFC-дің бас кеңсесінен тамақтың сапасын тексеру үшін жібергенін айтқан. Ол үнемі костюм киіп, жалған төлқұжат ұстап жүрген.
Оның киімі мен қылықтарына қарап, қызметкерлер шынымен тексеруші деп қабылдайды. Асхананы жақсылап қадағалап, қызметкерлерге түрлі сұрақ қойған және ескертулер беріп отырған.
«Ол бұған дейін КFC мейрамханасының бірінде жұмыс істеген болу керек. Себебі ол сұрағанда істің мән-жайын біліп тұратын», - деп келтірді Xpouzar басылымы қызметкерлердің сөзін.
Бірақ жыл өткен соң қызметкерлер күдіктеніп, полицияға хабарласады. Студенттің алаяқтығы әшкере болып, енді сот алдында жауап береді.