Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 тамызда Нұр-Сұлтанда кезекті қалалық #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы өтеді. Тазалық акция аясында Майбалық көлінің жағалауы тазаланады.
Осыған орай, қала әкімдігі елорда тұрғындарын, еріктілерді, қоғам қайраткерлерін, экологиялық белсенділерді және барлық мүдделі адамдарды экологиялық акцияға қатысуға шақырады.
Қатысушыларды жинау және көлікке отырғызу 8.00-де, Б.Момышұлы даңғылы 1, Astana Music Hall мейрамханасының тұрағында өтеді.
Акцияның басталуы сағат 10.00-де.
Айта кетейік, 20 шілде күні ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында қоқыс жинауға арналған экологиялық акция өтті. Елорданың су қоймаларының айналасын тазарту жөніндегі экологиялық науқан мемлекеттік органдардың да, қоғамдық ұйымдардың да, еріктілердің де, елорда тұрғындарының да, бүкіл Қазақстанның қолдауына ие болды.
Акция аясында әуежайдан Қарағанды тасжолына дейінгі айналма жол бойындағы Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауы, Майбалық көлі мен Вячеславск су қоймасы тазаланды.
Нұр-Сұлтан қаласының 4 локациясында өткен #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы 5 мыңнан астам адамды қамтыды. Оның аясында 16 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен елорданың айналасындағы су нысандарын тазартудың асыл миссиясын жалғастыру үшін экологиялық эстафета алды және 2019 жылдың 3 тамызында экологиялық тазарту форматында акция өткізеді.