Кезекте тұрғандарға жеңілдікпен берілетін баспана салынады – Көлгінов

20 Наурыз 2021, 21:01
2066
Бөлісу:
Кезекте тұрғандарға жеңілдікпен берілетін баспана салынады – Көлгінов
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жеңілдікпен салынатын баспаналар мәселесі қандай жолдармен шешіліп жатқанын мәлім етті.

Кезекте тұрғандарға жеңілдікпен берілетін баспана салынады – Көлгінов
Тұрғын үй мәселесі - басым бағыт. Ірі жетекші құрылыс компанияларымен және Отбасы банкімен (тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) бірлесіп, жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойдық. Олардың қатарында Bazis-A, BI-group, G-park, ҰАК және т.б. құрылыс компаниялары бар. Бұл келісім белгіленген баға бойынша 8 мыңнан астам жеңілдікпен берілетін пәтер салуға мүмкіндік береді, бұл - 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй! Қолжетімді әлеуметтік тұрғын үйге 160 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады. Бұл тұрғын үйлер кезекте тұрған Отбасы банкінде шоттары бар азаматтарға арналған, - деп жазды ол.

Кезекте тұрғандарға жеңілдікпен берілетін баспана салынады – Көлгінов

Айтуынша, қол қойылған меморандум бірден бірнеше міндетті орындауға мүмкіндік береді.

Кезекте тұрғандарға жеңілдікпен берілетін баспана салынады – Көлгінов

Атап айтқанда көп пәтер салып, сол арқылы кезекте тұрғандар санын қысқарту, инвестициялар есебінен құрылыс саласын ынталандыру, қосымша жұмыс орындарын құру. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мысалы 2018 жылы 1100 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы 2900 баспана салынса, 2020 жылы 7 мыңнан астам әлеуметтік үй салынды. Биыл бұл көрсеткішті 10 мың пәтерге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, - деп жазды қала әкімі.
Кезекте тұрғандарға жеңілдікпен берілетін баспана салынады – Көлгінов

Өзгелердің жаңалығы