«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты Азат Перуашев кез келген партия қандай жағдай болмасын сайлауға дайын болуы керек деп есептейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазір ғана «Ақ жол» демократиялық партиясы ОСК-ға Мәжіліске депутаттыққа үміткерлердің тізімін және тиісті құжаттарды тапсырды. Рәсім әлі өтіп жатыр. Барлық құжаттың заң талаптарына сәйкестігі тексеріліп жатыр. Партиялық тізіммен 54 үміткер, ал мажоритарлы жүйемен, яғни бірмандатты округтен 24 адам ұсынып отырмыз, - деп айтты Перуашев.
Ол өз сөзінде партияның алдағы сайлау науқанына дайындығы туралы айта кетті.
Кез келген саяси партия сайлауға дайын болуы керек. Биылғы сайлаудың ерекшелігі – оны аяқ астынан естіген жоқпыз. Ол туралы Президент Тоқаев жарты жыл бұрын, 1 қыркүйекте халыққа Жолдауында жариялады. Яғни кез келген партияға сайлауға дайындалуға уақыт болды. Дегенмен қандай жағдай болса да, партия сайлауға дайын болуы керек. Ондай (дайындық – ред.) жұмысты жүргіздік. Біз сайлауға дайынбыз, - дейді «Ақ жол» басшысы.
Кезектен тыс Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына партия атынан бәсекеге партияның 54 өкілі кіреді. Ал бірмандатты округтен 24 адам қатысады.
Бүгін партия Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды.