Кез келген Парламенттің күші кәсіби депутаттық корпустың болуында – Зарема Шаукенова

23 Қаңтар 2023, 15:38
1226
Бөлісу:
Кез келген Парламенттің күші кәсіби депутаттық корпустың болуында – Зарема Шаукенова

Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, ҰҒА академигі Зарема Шаукенова елімізде өтетін Мәжіліс сайлауына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Зарема Шаукенова атап өткендей, Мемлекет басшысы 2022 жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында реформалар қарқынын сақтау, барлық саяси мәселені кейінге қалдырмай шешу қажеттігін атап өткен болатын. Ол үшін алдағы электоралды циклдарды ұтымды қалыптастыру орынды. 

Осыған орай Президент алдағы сайлау науқандарының кестесін көпшілікке ұсынды. Нәтижесінде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум және кезектен тыс Президент сайлауы 2022 жылдың маңызды оқиғасы қатарына енді. Жаңартылған Конституция ашық ережелері бар саяси жүйеге мүлдем жаңа стандарттарды белгіледі, - деп айтты ол.

Сонымен қатар Шаукенова еліміздегі саяси жаңғыру барысында парламентаризмнің дамуы басты орын алатынын атап өтті. 

Байқап отырғанымыздай, 2023 жылдың басы саяси салада жоғары пәрменділікпен ерекшеленді. Мәселен,  Парламент Сенатына сайлау, олардан кейін, Мемлекет басшысы, Парламенттің қос палатасы басшылары мен Премьер-министрмен  келісе отырып Мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Барлық деңгейдегі Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылдың 19 наурызына өткізу белгіленді, - деді сарапшы.

Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин алдағы сайлауда күтілетін ең маңызды өзгерістерді атап берді. Ол белгілеген 10 жаңалықтың басында бірінші орында мәжіліске 98 депутаттың 29-ы бір мандатты округтер бойынша сайланатындығы тұр. Екінші орында - өзін-өзі ұсынушылардың депутаттық орны үшін күреске қатысу мүмкіндігі. 

Үшінші шақырылымдағы Мәжілісті сайлаған 2004 жылғы Парламент сайлауы елімізде мажоритарлық жүйе бойынша өткізілген, өз округі бойынша көпшілік дауыс алған кандидаттар сайланды деп есептелетін соңғы сайлау болғаны белгілі. Төртінші және соңғы жетінші шақырылымнан бастап Мәжілістің барлық келесі сайлауы партиялық тізімдер бойынша пропорционалды жүйе бойынша сайланды. Бұдан кейінгі төртінші шақырылымнан соңғы жетінші шақырылымға дейінгі Мәжілістің барлық сайлауы партиялық тізімдер бойынша пропорционалды жүйе бойынша сайланды. Дегенмен «Сайлау жүйелерін таңдау» мақаласының авторы, профессор Антонио Надайс тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін мажоритарлық жүйе қолайлырақ, ал пропорционалды жүйе халықтың әртүрлі топтарын жақсырақ көрсету үшін қолайлы деп жазады. Осылайша аралас сайлау жүйесінің айқын артықшылықтарын атап көрсетеді, - деп түсіндірді Зарема Шаукенова.

Оның сөзінше, аралас сайлау жүйелерінің мысалдарына Испания мен Германияны атауға болады. Олардағы пропорционалды және мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттардың саны шамамен тең. Испанияда - 42% және 58%, Германияда - 50% - 50%. Бұл тәжірибе транзиттік мемлекеттерде, мысалы, Венгрияда бейімделген. Ол жерде депутаттардың 45 пайызы бір мандатты, 55 пайызы партиялық тізім бойынша сайланғандар.

Елімізде пропорционалды және мажоритарлық жүйені теңестіру, яғни аралас жүйеге көшу қажеттігі көптен айтылып келеді. Осы жылдар ішінде жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар маңызды саяси шешімдерді қабылдауға ықпал ететін органдар иерархиясында Парламент бірінші орыннан әлдеқайда  алшақ тұрғанын көрсетті. Респонденттердің пікірінше, Парламент депутаттары өздерінің негізгі функцияларын, яғни өздерін сайлаған сайлаушылардың мүдделерін қорғау міндетін нашар орындайды. Осылайша, Парламент қызметіндегі динамикаға талдау жасай отырып, Парламентті сақтап қалуға ниеттілік үдерісін аңғаруға болады, - деп ойын айтты сарапшы.

Сөзінше, футболда «қолайлы нәтижені сақтап қалу үшін ойынды созу» деген түсінік бар. Ұзақ уақыт бойы біздің Парламентте осындай жағдай болды. Кез келген Парламенттің күші кәсіби депутаттық корпустың болуында. Қазақстан Парламентінің қалыптасуының бастапқы кезеңдерінде бір мандатты округтер бойынша жоғары бәсекелестік сайлау арқылы Парламент шеңберінде өкілдік ету және жария саясат функцияларын неғұрлым оңтайлы іске асыра алатын өте жарқын персоналдарды таңдауда өзіндік іріктеу жүргізілді. 

Ал алдағы сайлауда бір мандатты округтер бойынша мажоритарлық принциппен ұсынылған белсенді қоғам және саяси қайраткерлерге өзара бәсекеге түсу мүмкіндіктерінің берілуі - сайлау циклінің принципті маңызды жаңалығы. Белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтар күн тәртібіне және шешім қабылдауға ықпал ете отырып, биліктің өкілді органдарында өз сайлаушыларының – халықтың алуан топтарының мүдделерін білдіру үшін сайлану мүмкіндігіне ие болады. Ұлттық Ғылым академиясы олардың арасында әр түрлі ғылым саласы бойынша әріптестеріміз де жеткілікті болады деп үміттенеді. 1995 жылы Ақтөбе медициналық университетінің оқытушысы, қайта құрудан кейінгі жылдардағы белсенділігінің арқасында танымал болған экономика ғылымдарының докторы Парламент Мәжілісінің бірінші төрағасы болды. Сөйтіп, Марат Тұрдыбекұлы Оспановтың есімі Қазақстан парламентаризмінің тарихына мәңгі жазылған, - деп айтты Шаукенова.

Сарапшы атап өткендей, жүйелі саяси жаңғыру процесі қазақстандық қоғамның барлық өкілдерінің белсенді қатысуын талап етеді. Реформалар табысты болуы үшін халық бірлігінің маңыздылығын Мемлекет басшысы ерекше атап көрсетіп келеді және өз Президентіне толық сенетін қазақстандықтар арасында жылы қабылданады. Бұл сенім ел азаматтарының  ауызбірлігін паш етіп, елдегі өзгерістерге қолдауын көрсеткен президенттік сайлау нәтижелерімен дәлелденді.

Сонымен бірге сайлаушылардың белсенділігі, ең алдымен, бұл бірінші немесе екінші қатардағы сайлауға жататындығына байланысты. Парламенттік сайлау, президенттік сайлау сияқты, бірінші қатарға  жатады. Екіншісіне – маңыздылығы орта деңгейдегі емес мемлекеттік мекемелерді қалыптастыру жатқызылады. Әрине, бірінші жағдайда дауыс беру экспрессивті түрде өтеді және сайлаушылардың тұрақты қалауын көрсетеді. Бұл жағдайда президенттік сайлаудағы сайлаушылардың белсенділігі, әдетте, парламенттік сайлауға қарағанда жоғары. Дегенмен де, халық көп жағдайда саясатқа немқұрайлы қарамаса, кем дегенде саяси өмірге терең бойламауды жөн көретінін есте ұстаған жөн.  Осы орайда, нағыз саяси күрес, сайлау науқанына қатысушылардың өткір бәсекелестік тартыстары халықтың басым бөлігінен тыс өтіп жатқанын айта кету керек, - деп есептейді ол.

Қоғамдық сауалнамаларда байқалған халықтың басым бөлігінің алдағы кезектен тыс парламенттік сайлауға деген оң көзқарасы азаматтардың саяси реформалардың маңыздылығын жақсы түсінуінің арқасы. 

Саясатқа деген кейбір «салқын» көзқарасқа қарамастан, халық Конституциядағы өзгерістерді жақсы біледі. Халық кезектен тыс парламенттік сайлауды жариялаудың өзін прагматика призмасы арқылы қарауға бейім, осылайша «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін үкімет» президенттік формуласы жүзеге асады, бұл өз кезегінде «Әділетті Қазақстанды» құрудың қажетті және маңызды шарты. Осы басты уәжді басшылыққа алған Қазақстан халқы алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына белсенді түрде қатысады деген пікірді  сеніммен айтуға болады, - деп Зарема Шаукенова ойын түйді.

Өзгелердің жаңалығы