Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутат eGov платформасының мемлекеттік тілде жұмыс істеу деңгейіне қатысты сұрақ қойды.
eGov порталының мемлекеттік тілде «сөйлеуі» қандай деңгейде?, – деді депутат Қазыбек Иса.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин платформада өзі де түсіне бермейтін сөздер кездесетінін айтты.
eGov порталында барлық қызмет қазақ тілінде бар. Бірақ, шынында кейбір сөзді мен де ұға бермеймін. Сөздерді тек қана орыс тілінен аудара бергенбіз. Бірақ кейбір сөз мағынасына сай емес. Сол себепті осыны зерттеп, адами тұрғыдан eGov-тың процестері қайта жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстар трансформация орталығында қайтадан қаралады, - деп түсіндірді министр Бағдат Мусин.
Айтуынша, мемлекеттік қызметтер тізімін оқығанда кейбір сөз анық емес.
Оны да талқылап, дұрыс сөздерді пайдаланып, мемлекеттік қызметтердің атауларын да өзгерту керек. Осы жұмысты қазір қолға алдық, жұмыс істеп жатырмыз, - деп жауап берді Мусин Мәжілісте.