Кейбір облыстар ауылға барған дәрігерлерге 3-5 млн теңге жәрдемақы береді - министр

10 Қазан 2022, 11:11
1479
Бөлісу:
Кейбір облыстар ауылға барған дәрігерлерге 3-5 млн теңге жәрдемақы береді - министр

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ауылдағы кадрлық қамтамасыз етуді талдау 1 700-ден астам медицина қызметкерінің, оның ішінде 1000-нан астам дәрігердің, 734 медбикенің тапшылығын көрсетеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауылдағы объектілерге инвентаризация жүргізілді, нәтижесінде 200-ден астам елді-мекенде медициналық объектілер жоқ, 400-ге жуық ауылдарда медициналық объекті жалға алынған, апаттық, бейімделген ғимараттарда орналасқан. Ауылдық медициналық-санитариялық алғашқы көмектің медициналық инфрақұрылымының тозуы 50%-дан асады, - деп атап өтті еліміздің бас дәрігері. 

Айтуынша, министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тиісті жұмыс жоспарлы жүргізілуде.

Медициналық кадрларды ауылға тарту үшін түлектердің міндетті түрде 3 жылдық жұмыс істеу нормасы қабылданды. Келген әрбір дәрігерге 1 миллион теңгеден 2 миллион теңгеге дейін көтерме жәрдемақы бөлінеді, ал кейбір әкімдіктер (Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында) үш-бес миллионға дейін жәрдемақы бөледі. Әлі де ауылға баратын дәрігерлердің әлеуметтік қолдауын күшейту қажет, - деді ведомство басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы