КЕҰ қайырымдылық көмекке қалай өтініш береді?

15 Наурыз 2022, 22:11
1478
Бөлісу:
КЕҰ қайырымдылық көмекке қалай өтініш береді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры өзінің Call-орталығын іске қосты.

Call-орталыққа кез келген адам қоңырау шалып, өз сұрақтарына қор қызметкерлерінен тікелей жауап ала алады. Қорға жиі келіп түсетін сұрақтар қайырымдылық көмек алуға өтінім беруге қатысты болады. Сондықтан бірінші кезекте Сall-орталықта өтініш білдірушілерге өтінімді қалай дұрыс беру керектігі, бұл үшін қандай құжаттар пакеті қажет екендігі және өтінім беру алгоритмі кезең-кезеңімен түсіндіріліп, консультация берілетін болады.

Сall-орталық нөмірі: +7 (7172) 57-68-98

Call-орталықты іске қосу қордың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған бастамалардың бірі.

2021 жылы «Samruk-Kazyna Trust» қоры денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, бұқаралық спорт, мәдениет және өңірлерді дамыту салаларында 30-дан астам ірі әлеуметтік жобаны іске асырды. Бұл жобалардың көпшілігі Қазақстанның коммерциялық емес ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылады. Нәтижесінде жарты миллионға жуық қазақстандық көмекпен қамтылды. Қор үшін КЕҰ-дардың өкілдері әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруға өтінімді дұрыс және қиындықсыз бере алуы маңызды. Осы мақсатпен Сall-орталық іске қосылған болатын. 

Call-орталық дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге) жұмыс істейді.

Сондай-ақ info@sk-trust.kz поштасына өтініштер қалдыруға болады.

Өзгелердің жаңалығы