Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰЭМ Статистика комитеті респонденттерге уақытылы есеп бермегені үшін айыппұл салмайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Төтенше жағдай кезінде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты: - респонденттерге қатысты ҚР ӘҚК 497 бабы бойынша осы кезеңдегі бастапқы статистикалық деректерді беру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалмайды; - бұрын салынған айыппұл санкциясы бойынша айыппұл алынбайды және оларды мәжбүрлеп өндіру үшін материал жолданбайды – делінген хабарламада.
Еске салсақ, 2020 жылғы 23
наурызда Қазақстан Республикасының Президенті құқық қорғау және фискалдық
органдар тарапынан кәсіпкерлерге кез келген қысымды, оның ішінде, әкімшілік
жауапкершілікке тартуды болдырмауды тапсырған болатын.