"Кеше қазылғанға ұқсамайды": Журналист Атырауда мәйіттер табылған орынды көрсетті

Із-түзсіз кеткен ағайынды Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның мәйіті табылған жер.

 polisia.kz 10 Наурыз 2026, 12:14
10 Наурыз 2026, 12:14
1092
Фото: polisia.kz

Атырауда бірнеше ай бойы із-түзсіз кеткен ағайынды Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның мәйіті табылған жерді жергілікті журналист Жанат Молдашова видео арқылы көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистің айтуынша, оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары әзірге ресми мәлімет жарияламаған. Соған қарамастан, бейресми деректер мен ресми ақпараттың мазмұны бір-біріне сәйкес келетінін айтады.

Бізде бейресми ақпарат пен ресми хабар бір-біріне 100 пайыз сәйкес келеді. Бұл - күдіктілер жалдап тұрған үй. Осының іргесі мен бағана арасынан «марқұмдардың сүйегі табылды» дейді. Дәл осы жер бұған дейін қазылған. Дәл кеше қазылды деп айта алмаймыз. Күні кеше қазылғанға ұқсамайды, – дейді Жанат Молдашова.

Журналист түсірген кадрларда үйдің айналасы бұрын да бірнеше рет қазылған болуы мүмкін екені байқалады.

Оқиғаға байланысты Атырау облысындағы ресми органдарға сауал жолдады. Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

 Ал әлеуметтік желідегілер «мүмкін мәйіттерді денелері ерте табылып, күдіктілерді үркітіп алмау үшін, құпия сақталған шығар» деп болжауда.

Осыған дейін екі адамды өлтірді деген күдіктілер Индонезиядан Атырауға жеткізілгені туралы жаздық.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысындағы Жангелдин ауылынан ерлі-зайыпты мен олардың екі ересек баласы бар отбасының хабар-ошарсыз кеткені белгілі болған еді.

Ал 6 қаңтарда жантүршігерлік дерек белгілі болды. Үйдің жанындағы қорадан ерлі-зайыптылардың мәйіті табылған.

Кейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында күдікті ретінде марқұм зейнеткерлердің күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевтің аты-жөні көрсетілген жазба жарияланды. Ол жұбайымен бірге халықаралық іздеуге алынды.

Сондай-ақ біз Атырау облысындағы қоғамды шошытқан сұмдық оқиғаның хронологиясына тоқталған едік.

Аталған іске қатысты полиция атыраулық «хакерді» іздестіріп жатқанын жариялады. Одан кейін марқұм әйелдің соңғы аудиохабарламасы күдік тудырғаны айтылды.

Одан кейін Индонезияда күдіктінің ұсталған сәттегі фото-видеосы жарияланды. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх