Кеше қар құрсауынан 260 адам құтқарылды

12 Наурыз 2021, 10:18
1285
Бөлісу:
Кеше қар құрсауынан 260 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте еліміздің автожолдарында ауа райының нашарлауына байланысты Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының құтқарушылары қар құрсауынан 52 техника шығарып, 260 адамды құтқарып, эвакуациялады.

ТЖМ Ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб жұмыс істейді. Осындай штабтар Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында жұмыс істейді.

Кеше қар құрсауынан 260 адам құтқарылды

 2021 жылғы 12 наурыздағы жағдай бойынша «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 15 өңірде (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында) дауылды ескерту жарияланды.  

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну, көктайғақ) 6 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесі және 102 облыстық маңызы бар учаске жабылды, бұл Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстары.

Кеше қар құрсауынан 260 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан қаласы  мен Қостанай облысындағы беккеттерде 47 бірлік жүк және жеңіл автокөлік тұр. 
Ақмола облысының жылыту пунктіне 56 адам, оның ішінде 6 бала орналастырылды.
Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жол қызметтерінен, ЖАО барлығы 712 адам және 471 бірлік техника жұмылдырылды. Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 28 СМС-хабарлама таратылды, «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 61 хабарлама жіберілді, - деді құтқарушылар.

Уақытылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін өңірлерде «Жедел байланыс желісі» істейді.

Өзгелердің жаңалығы