Кеше 100-ге жуық өрт болды, 518 адам құтқарылды

1 Қаңтар 2024, 17:28
649
Бөлісу:
Кеше 100-ге жуық өрт болды, 518 адам құтқарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Өткен тәулікте 518 адам құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа жыл түні ТЖМ құтқарушылары күшейтілген режимде қызмет атқарды.

Өткен тәулікте, яғни 31 желтоқсанда мамандар 163 мәрте құтқаруға аттанды, оның 94 — өрт, 68 — іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстар.

Бұл ретте 518 адам, оның ішінде 65 бала құтқарылып, эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескерту, ауа райының өзгеруі, жабылған жолдар туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарға шықпауға шақырады.

Ауылдық жерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алысқа жаяу шықпауын өтінеміз, - дейді мамандар.

Өзгелердің жаңалығы