13 ақпанда Қазақстан әйелдер құрамасы керлингтен 2025 жылғы Азия ойындарының жартылай финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Жартылай финалда отандастарымыз Оңтүстік Кореямен кездесті. Ойын толық 6 эндке созылды. Нәтижесінде оңтүстіккореялық спортшылар 2-10 есебімен жеңіске жетті.
Ұлттық құрама 14 ақпанда Астана уақытымен сағат 10:00-де қола медаль үшін сынға түседі.
Ал ерлер құрамасы А тобының соңғы ойынында Гонконгпен кездесті. Матч қорытындысы бойынша қарсылас команда 5:8 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында өнер көрсетуін аяқтады.