Кепілдегі қыздың орнына өзімді ұсындым - министр

19 Маусым 2023, 16:56
1124
Бөлісу:
Кепілдегі қыздың орнына өзімді ұсындым - министр
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Үкімет отырысынан соң Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ахметжановтың айтуынша, басқыншы Қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-бөлігінің 4 және 8-тармақтарымен (Адамды кепілге алу) баптары бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір барлық мәліметті айта алмаймын, өйткені тергеу жүріп жатыр. Иә, келіссөз жүргіздім, алдымен телефон арқылы сөйлестім, сосын кірген соң, кепілді босатуды өтіндім. Ол келіспейтіндіктен, арнайы шұғыл әрекетке бардық, - деді Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан соң.

Министр келіссөз жүргізіп жатқан кезде жанында басқа да азаматтардың болғанын айтты.

Мен оған кепілдегі қыздың орнына қалуды ұсындым, бірақ ол келіспеді, - деді Марат Ахметжанов.

Айта кетсек, кеше Kaspi bank бөлімшелерінің бірінде қаруланған ер адамның есікті құлыптап, адамдарды кепілдікке алды. Ол полицейлерге өз талабын айтты. Кейіннен банкте адамдарды кепілдікке алған қылмыскердің аты-жөні анықталды. Бұған дейін Kaspi bank бөлімшедегі оқыс оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, тұрғындардан құқыққорғау органдары қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірмеуді сұрады.

Сонымен қоса, ІІМ кәсіби мамандар Каspi bank келушілерін кепілге алған басқыншымен келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлім етті. Кейіннен полиция ғимаратқа басып кіріп, қылмыскерді ауыздықтады. Оның ұсталған сәті де жарияланды.

Белгілі болғандай, қылмыскермен келіссөзді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жүргізген екен. 

Өзгелердің жаңалығы