Кенжекөл – Павлодар тас жолында үш көлік соқтығысып, 8 адам зардап шекті

28 Шілде 2022, 04:48
1186
Бөлісу:
Кенжекөл – Павлодар тас жолында үш көлік соқтығысып, 8 адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Автобус айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 шілде күні Кенжекөл – Павлодар  автожолында «JAC» маркалы автобус пен «ВАЗ» маркалы автокөлік соқтығысып,  «Volkswagen» автокөлігіне барып тиген.

Жол апаты салдарынан 8 адам медициналық көмекке жүгінді.

Медициналық көмекке жүгінген «ВАЗ» және «Volkswagen» автокөліктерінің жолаушылары. Автобуста жолаушылар болған жоқ, - дейді департаментте.

Жол апатына қатысты тексеру жүргізіледі. 

Өзгелердің жаңалығы