Кентауда автокөліктен он қап жүгері ұрлағандар қолға түсті

29 Қаңтар 2024, 08:05
336
Бөлісу:
Кентауда автокөліктен он қап жүгері ұрлағандар қолға түсті
Фото: Арман Мухатов -архив

Кентауда автокөліктен 10 қорап жүгеріні ұрлаған жігіттер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Автокөлік" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Кентау қаласында болған автокөлік ұрлығын ашты.

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданды. Ол өз арызында белгісіз біреудің тұрғын үй алдында тұрған автокөлігінің ішінен 10-дана қорап үгітілген жүгеріні ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі - 250.000 теңге.

Сондай-ақ полицейлер қос жігіттің дәл сол күні тағы бір ұрлық қылмысын жасағанын анықтады. Тәртіп сақшылары күдіктілерден қолды болған заттарды тәркілеп алды.

Қазіргі таңда қос жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы