Кентаудың 120-дан астам көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі

9 Тамыз 2020, 18:31
1923
Бөлісу:
Кентаудың 120-дан астам көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Кентау қаласында 122 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Оның ішінде жалпы ұзындығы 26 шақырымды құрайтын 11 көшенің құрылысы "Жұмыспен қамту – 2020" және "Жол картасы" бағдарламалары аясында жүзеге асырылуда. Ал, 96 көшенің жөндеу жұмыстары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында атқарылып жатыр. Оның 37-сі ағымдағы, 48 көше орташа жөндеуден өтпек.

Жалпы Кентау қаласындағы бірқатар жолдың тозығы жетуіне байланысты жауын-шашын күндері көшелерді су басып, тұрғындарға қолайсыз жағдай туындатып жататыны жасырын емес. Осы аталған мәселені оңтайлы шешу мақсатында қала көшелеріне ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеуден өткізіліп жатқан көшелерге суағарлар мен аяқ жолдар салынуда, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Кентау қаласында 2020 - 2025 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 101,7 шақырым болатын 142 ішкі орам көшеге ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.



Өзгелердің жаңалығы