Кеншілер қаласында қылмыс деңгейі төмендеді

18 Мамыр 2020, 11:25
1598
Бөлісу:
Кеншілер қаласында қылмыс деңгейі төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылық прокурорлар төтенше жағдай кезеңіндегі криминогендік жағдайдың қорытындыларын шығарды. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы хабарлады.

Жалпы, карантиндік шаралар қылмыстылық деңгейінің төмендеуіне ықпал еткені анықталды.

Қадағалаушы органның мәліметтеріне сәйкес, аталған кезеңде қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 35%-ға төмендеген. Денсаулыққа ауыр зиян келтірумен байланысты қылмыстар 10%-ға, оның ішінде адам өліміне соқтырғандары 36%-ға азайды. Қарақшылық шабуылдар 7 есе, ұрлықтар мен тонаулар екі есеге азайған. Қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар мен бұзақылықтар да екі есеге төмендеген.

"Үйде болу" режиміне қарамастан, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар азайған. Әйелдерге қатысты жасалған қылмыстар 43%-ға, балаларға қарсы жасалғандары 24%-ға төмендеген. Сонымен қатар, ТЖ жағдайында енгізілген тыйым салулар мен шектеулер кезеңінде құқық қорғау органдары бірқатар заң бұзушылықтарды анықтаған. Атап айтқанда, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге мониторинг жүргізу нәтижесінде айқындалған, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді тарату үшін 11 сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Кінәлі тұлғалар анықталды. ТЖ режимін бұзғандары үшін 1722 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 338 - қамауға алынды, 678 - айыппұл төлеуге тартылды, 706 - ескерту жасалды, - делінген хабарламада.
ТЖ режимі аяқталуына қарамастан, өңірде карантиндік шектеулер жалғасуда.
Өзгелердің жаңалығы