Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Кенияда жол апатынан 21 адам қаза тапты

9 Тамыз 2025, 14:07
702
Бөлісу:
 АP Photo
Фото: АP Photo

Кенияның оңтүстік-батысында ірі жол-көлік апаты болып, 21 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Оқиға Какамега мен Кисуму қалаларын жалғайтын тас жолда болған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жерлеу рәсімінен қайтып келе жатқан жолаушылар мінген автобус жүргізушісі үлкен жылдамдықпен келе жатып, айналма жолға кірер сәтте рөлге ие бола алмай қалған. Көлік жол жиегіндегі орға түсіп, аударылып кеткен.

Ньянза провинциясының жол полициясы қызметкері Питер Майна таратқан ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандардың арасында 10 әйел, 10 ер адам және 10 жастағы қыз бала бар.

Өзгелердің жаңалығы