Кенияда вакцинациядан жалтарған шенеуніктер жазаланады

12 Тамыз 2021, 13:54
10290
Бөлісу:
Кенияда вакцинациядан жалтарған шенеуніктер жазаланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресми Найроби барлық мемлекеттік қызметшіге COVID-19 вакцинациясынан өтуді тапсырды. 

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Мемлекеттік қызметшілер халыққа вакцинацияны насихаттаудың үлгісі ретінде. Кения вакцинациядан жалтарған шенеуніктерді жазалауға ниетті. Ресми Найроби барлық мемлекеттік қызметшіге COVID-19 вакцинациясынан өтуді тапсырды. Бас тартқан үкіметтегі антиваксерлер бұл талапты орындамағаны үшін сөгіс алады. 

Барлық мемлекеттік қызметшілерге вакцинациялануға басымдық беріледі. Ал 23 тамызға дейін екпе алуға үлгермегендерге тәртіптік шаралар қолданылатын болады", — деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет басшысы Джозеф Киньюа.

Швецияда анықталған коронавирустық инфекциялар саны 1 108 057-ні құрады. Бір тәулік ішінде COVID-19 жұқтырудың 1 236 жағдайы анықталды. Инфекцияның ауыр түрімен ауыратын 29 пациент реанимация бөлімшелерінде ем қабылдауда. Жалпы алғанда SARS-CoV-2-ден 14 658 адам қайтыс болды. 

Бұл ретте елімізде иммундау қарқынды жүріп жатыр, COVID-19 вакцинасының бірінші дозасын 6 584 455 адам, екіншісін — 4 641 169 адам алды.

Өзгелердің жаңалығы