Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Кенияда арыстан 14 жасар қызға шабуыл жасады

21 Сәуір 2025, 04:39
580
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Кенияның Найроби ұлттық саябағы маңында арыстан 14 жастағы жасөспірім қызға шабуыл жасап, оны тістеп өлтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ The Sun басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 20 сәуір күні Мбагати өзені маңында болған. Қыздың жанында болған тағы бір жасөспірім шабуыл сәтінің куәсі болып, тез арада құзырлы органдарға хабар берген. Кейіннен қыздың денесі оқиға орнынан табылды.

Қазір жыртқыш жануар бостандықта жүр, ал қорықшылар оны ұстау үшін арнайы тұзақтар құрып жатыр. Ұлттық саябақтың әкімшілігі тұрғындар мен туристерден сақтық шараларын күшейтуді сұрап отыр, - делінген материалда.

Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы